2018 жылы Қазақстанда жаңа баспана 2,1% қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы желтоқсанда жаңа баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 266 863 теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 0,4%, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,6%, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 2,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.