Қырғызстанда оқуға түсуде мемлекеттік тілді меңгергендер басымдыққа ие болады
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан білім және ғылым министрлігі түлектерді жоғары оқу орнына іріктеу туралы ережеге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі туралы сертификаты бар түлектерге басымдық беру туралы өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы «Кабар» агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.