ҰБТ өмірімнің маңызды 1 баспалдағы
...Әр түлек естіген сәтте ерекше күйге бөлейтін 3 ауыз сөз.Қуану сезіміне қарағанда,қорқыныш сезімі басымырақ болары анық.Ең маңыздысы-бұл тестті әр түлек,әр ата-ана өзінше түсінеді.Кейбірі менің болашағымды осы тест шешеді десе,кейбірі тек жеңілдікпен қарайды.Көп түлектер "жұрттың балаларынан" басым түсу үшін тапсыруы да көз қуанарлық жәйт емес. Дәл осы тест үшін өз өмірін өзі қиған түлектер де жетерлік.Жүректі қынжылтатын жағдайдың бірі-осы.