Сіздің дофаминергиялық нейрондарыңыз неден бөлінеді?
Өзіңізде дофаминнің бөлінуін не тудыратынын білесіз бе? Тамақ? Алкоголь? Дүкен аралау? Facebook? Тағы бірдеңе ме? Осы аптада назарыңызды не аударатынын бақылап көріңіз. Сізді сыйдан дәмелендіріп, қызық іздеуге шақыратын не? Павловтың итіне ұқсатып сілекейіңізді шұбыртатын немесе сізді Олдс пен Милнердің егеуқұйрығы сияқты ессіздікке апарып соғатын не нәрсе?