Димаш Құдайберген Мәскеуде қатарынан екі күн концерт береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайбергеннің 22 наурызда Мәскеудегі Кремль мемлекеттік сарайында өтетін жеке концертіне билеттің бәрі де сатылып кетті. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.