Жансейіт Түймебаев: Жергілікті әкімдердің жұмысы балалардың жағдайымен бағаланады
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Аудан-қала әкімдерінің жұмысы енді жергілікті балалардың жағдайына қарай бағаланады. Бағалау шкаласы бала мен жасөспірімдер мәселелерінің қаншалықты шешімін табуына байланысты болмақ. Мұндай шешімді аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев халық алдында есеп беру жиыны кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.