Шетелдік дәрігерлер науқастарға жасанды буын қойып, аяққа тұрғызуда - Түркістан
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік дәрігерлер Түркістан облысында жасы келген науқастарға жасанды буын қойып, аяққа тұрғызуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың арнайы шақыртуымен келген Германия мен Ресей дәрігерлері тізе буынын ішкі протездеу оталарын жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.