Forbes әлемдегі ең жас миллиардер қыздың есімін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық модель «Кардашьяндар отбасы» реалити-шоуына қатысушы Кайли Дженнер әлемдегі ең жас миллиардер қыз атанды. Кайли Дженнер 21 жасында 1 миллиард доллар тауып, Марк Цукербергтің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Forbes.