Мейірім жанары
Мейірім туралы
Мейірім жанары
Тағы да түн. Күн артынан күн шығып, уақыт зулап жатыр. Таң атысымен Алласынан тілейтініАрманның бір арманы бар.Ол 5 жыл бұрынғы қасіреті еді..Əкесі мен жалғыз әпкесіне салмақ салғысы келмейтін Арман ешкімге жан-жарасын білдіртпеуші еді. Өйткені, Əпкесінің барлығына үлгеріп,күндіз-түні еңбектеніп,əкесіне қарайлап жүргенін іштей сезеді.
Уақыт өте келе Арманның жағдайы нашарлап,ауруханаға жатуына тура келді.Ол əкесі мен әпкесіне оңай тимеді.Үйдің жалғыз ұлы болғандықтан əпкесінін аландайтын жөні бөлек.Бар уайымы інісінін өзге балалар секілді жарық дүниені көріп,шапқылап ойнап жүргені еді.
Соңғы рет дəрігерінен сұрағанда жанарынын жарамсыз болып бара жатқанын,тездетіп емдеу керек екенін естіген.Апасы ұзақ ойланды.Өмірдегі ең асылдары əкесі мен інісі болғандықтан көзіне еріксіз жас...