Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2019

Әр балаға – 21 мың теңге: 1 сәуірден бастап не істеу керек

0

Алдағы дүйсенбі, 1 сәуірден бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі тағайындала бастайды. Бұдан былай отбасының айлық табысы бір адамға шаққанда 20 789 теңгеден аспаса, келесі айдан бастап әрбір балаға дәл осы сомада жәрдемақы беріледі. Ал ата-аналарға қосымша ақы төленеді. Ондай көмек тұрмысы төмен барлық отбасыларға жасалады. Бұл дегеніміз, жаңа жүйе бала санына қарамайды. Табыстың мөлшері […]

Сообщение Әр балаға – 21 мың теңге: 1 сәуірден бастап не істеу керек появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Алдағы дүйсенбі, 1 сәуірден бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі тағайындала бастайды. Бұдан былай отбасының айлық табысы бір адамға шаққанда 20 789 теңгеден аспаса, келесі айдан бастап әрбір балаға дәл осы сомада жәрдемақы беріледі. Ал ата-аналарға қосымша ақы төленеді. Ондай көмек тұрмысы төмен барлық отбасыларға жасалады. Бұл дегеніміз, жаңа жүйе бала санына қарамайды. Табыстың мөлшері жаңағы көрсеткіштен аспаса, 21 мың теңгенің жәрдемақысы бір баласы бар отбасыға да беріледі деген сөз. 

  Жәрдемақы кімге және қалай есептеледі?

Негізі, соңғы кезде көпбалалы отбасылар мәселесі жиі көтеріліп жүр. Содан болар, бас кезінде «жаңа жәрдемақы тек осы санаттағы азаматтарға ғана беріледі» деген түсінік басым болды. Алайда заң бойынша ондай көмек тұрмысы төмен барлық отбасыларға берілуі шарт. Тапсырма да солай болды. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін аз қамтылған көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар алуы қажет. Ал жағдайы төмен отбасының қатарына бір баланы бағып отырған жалғыз басты ана да, екі баласы бар, бірақ жұмыс таппай жүрген ата-аналар да кіруі мүмкін. Сол себепті олар да 21 мың теңгелік жәрдемақы алуға құқылы. Оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де растап отыр.

«Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілуі шарт. Бұл – Елбасының тапсырмасы. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыда бір бала немесе екі бала болуы мүмкін ғой. Ондай отбасылардың бір айлық табысы адам басына шаққанда 20 789 (күнкөріс минимумның 70 проценті – авт.) аспаса, бір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы тағайындалады», – делінді министрліктің баспасөз қызметі берген түсініктемесінде.

Осы орайда мамандар бір баласы бар отбасына жаңа жәрдемақы төлеуге қатысты мысалды да келтірді. Мәселен, бір әйел жалғыз баласын асырап отыр. Ал оның бір айлық жалақысы 40 000 теңгені құрайды. Осы ақшаны екі адамға бөлгенде тура 20 000 мыңнан келеді. Демек, отбасының бір айлық табысы адам басына шаққанда күнкөріс минимумның 70 проценті – 20 789 теңгеден аспайды. Заң бойынша балаға 21 мың теңгенің жәрдемақысы төленуі керек.

«Ал анасына 20 000 мен 20 789 теңгенің айырмашылығы төленеді. Сонда баланың жәрдемақысын қосқанда аталған отбасы ай сайын 22 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрады», – деп атап көрсетті мамандар.

  Жәрдемақыны алу үшін қандай құжаттар қажет?

Әр балаға 21 мың теңгеден берілетін жәрдемақыны алу үшін өтініштен басқа ешқандай құжаттар қажет емес. Оны жергілікті әкімдікке, халыққа қызмет көрсету орталығына, я болмаса, жұмыспен қамту орталығына тапсырып кетуге болады. Сол жерде жеке куәлікті көрсетіп, өтініште отбасының барлық мүшелерін жазып шығу қажет. Қалған жұмысты мемлекеттік қызметкерлер өздері атқарады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, мамандар өтініште көрсетілген барлық мәліметтерді электронды базамен салыстырады. Ал қандай да бір құжат жетпей жатса, халықты ары-бері шапқылатпайды. Олар қажетті ақпаратқа өздері сұрау салып, тиісті мемлекеттік органдардан алдыртады. Сосын жәрдемақыны алу үшін тұрақты, я болмаса, уақытша тіркеу болуы шарт. Барлық құжаттарды алты айда бір рет жаңартып отырады.

Өтінішті 1 сәуірден бастап тапсыруға болады. Алайда міндетті түрде сол күні барып, ұзақ уақыт кезекте тұрудың қажеті шамалы. Өтінішті айдың ортасында да беруге болады. Бәрібір жәрдемақы 1 сәуірден есептеледі. Сөйтіп, келесі айдан бастап төленеді.

Табысты есептегенде нені ескеру керек?

Басты талап, айлық табыстың көлемі отбасының әрбір мүшесіне шаққанда күнкөріс деңгейінің 70 процентінен, яғни 20 789 теңгеден аспауы қажет. Бүгінде бір үйде тұратын барлық адамдардың табысы есептеледі. Ал 1 сәуірден бастап тек жақын туыстардың табысы ғана ескеріледі. Олардың ішінде ата-аналар, балалар, әкесі бір, шешесі бөлек ағайындар, ата-әжелер бар. Бұл дегеніміз, осы адамдар бірге тұрса, олардың табысы бір отбасының кірісі ретінде саналады.

Қосалқы шаруашылық та кірістің көзі болып есептеледі. Негізі, қазір аталған құзірет жергілікті атқарушы органдарға берілген, яғни, қолдағы малды кіріс ретінде санай ма, жоқ па, оны әкімдіктер өздері шешеді. Алайда Павлодар облысы қосалқы шаруашылықты табысқа қоспауға шешім қабылдады. Әзірше, аталған облыс қана осындай жеңілдік жасап отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл жерде әлеуметтік әділеттілік мәселесі де бар. «Мәселен, екі көршіні алайықшы, біреуі 20 сиыр ұстайды. Балалары сүтін ішіп, етін жейді. Ал оның жанында отырған көршінің сиыры жоқ, балаларына сүт ішкізіп, ет жегізетін жағдайы жоқ. Бірақ жәрдемақыны екеуіне бірдей тағайындаймыз. Бірінші көрші де әрбір баласына 20 мың алады, екінші көрші де әрбір баласына сондай жәрдемақы алады. Осы әділетті ме?», – дейді Светлана Жақыпова.

Бұдан бөлек, бір отбасының табысын есептегенде басқа әлеуметтік төлемдер есепке алынбайды. Соның ішінде көпбалалы отбасының қазіргі мемлекеттік жәрдемақысы (4,16 АЕК – 10 504 теңге), «Күміс алқа» мен «Алтын алқа»-ның төлемақысы (6,4 АЕК – 16 160 теңге), мүгедек балалардың жәрдемақысы мен стипендиялар бар.

Қазіргі заңнамаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек кәмелеттік жасқа дейін төленеді. Бірақ бала колледж, я болмаса, университетке түсіп кетсе, артынан жоғары оқу орнынан кейінгі білім алса, жәрдемақы 23 жасқа дейін төлене береді. Сосын Астана, Алматы мен Маңғыстау облысында жәрдемақының мөлшері сәл көбірек болады. Себебі ол жерде халықтың күнкөрісінің деңгейі жоғары.

Сөз соңында айтарымыз, осы мәселелер бойынша бүгінде «111» байланыс орталығына хабарласып, барлық қажетті ақпаратты біліп алуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сообщение Әр балаға – 21 мың теңге: 1 сәуірден бастап не істеу керек появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

В Москве выбрали лучших педагогов в рамках городского конкурса — Собянин





Москва

Всеармянский союз «Гардман-Ширван-Нахиджеван» осуждает лживое заявление президента Азербайджана Алиева


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

В Москве выбрали лучших педагогов в рамках городского конкурса — Собянин



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Бато Багдаев

В Маньжурии открывается российско-китайский ночной клуб Felicity Port




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

Два проекта Первый Бит отмечены дипломами финалистов конкурса «BPM-проект года»

Четырёх футболисток самарских "Крыльев" сняли с поезда за дебош


Андрей Рублёв

Теннисист Рублев объяснил, почему проиграл сет в первом круге "Ролан Гаррос"



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

В Звенигороде продолжается реконструкция очистных сооружений «Верхний Посад»



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России