Полицияға пара ұсынған жүргізуші 353 мың теңге айыппұл төлейді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-патруль полициясы батальонының қызметкеріне пара бермек болған жүргізушіге 353,5 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.