Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Апрель
2019

Бала оқудан жалығып кетпес үшін…

0

Балалар мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, кейбірінен білім алуға деген талпыныс, ал екіншілерінен немқұрайлылық анық көрініп тұрады. Бала өздігінен дамуға және жаңа нәрсе үйренуге талпынуы үшін ата-ана өзін қалай ұстау керек? Заманауи әлемде ата-аналар баланың ерте дамуына көп ықпал жасайды. Бірінші сыныпқа барғанда балалардың көпшілігі оқуды, санауды, жазуды, тіпті, шет тілдерін біліп келеді. Алайда оның кері […]

Сообщение Бала оқудан жалығып кетпес үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Балалар мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, кейбірінен білім алуға деген талпыныс, ал екіншілерінен немқұрайлылық анық көрініп тұрады. Бала өздігінен дамуға және жаңа нәрсе үйренуге талпынуы үшін ата-ана өзін қалай ұстау керек?

Заманауи әлемде ата-аналар баланың ерте дамуына көп ықпал жасайды. Бірінші сыныпқа барғанда балалардың көпшілігі оқуды, санауды, жазуды, тіпті, шет тілдерін біліп келеді. Алайда оның кері жағы да бар: мектеп жасына дейінгі балаға көп жұмыс беріліп қойғандықтан оның оқуға деген ынтасы жоғала бастайды. Баланың оқуға деген құштарлығын ашып, бірақ ынтасын жоғалтпаш үшін не істеу керек?

Баладан ол әзір дайын емес нәрсені талап етпеңіз

Қазіргі ата-аналардың аузынан “Біздің бала 2 жастан бастап ағылшынша сөйлей алады”, “Біздің қызымыз 4 жасында менталды арифметиканы бастап кетті” деген мақтаныш сөздерінен естуге болады. Олар бір-біріне балаларының жетістіктерінен жарыса айтады. Әрине, ата-ананың балаға білім бергісі келетіні жақсы. Бірақ кейде ересектер бір маңызды нәрсені естен шығарып алып жатады: бала өз жасына сай дамуы керек.

Мысалы, қабырғаны сызу немесе сөредегі заттарды шашу – тентектік емес, ол да баланың айналасын зерттеуінің бір жолы. Сол секілді шыдамдылыққа келсек, 3 жасар баланы жарты сағатқа партаға отырғызуыңыз айқаймен аяқталады. Бастысы, баладан ол әзір дайын емес нәрсені талап етпеңіз. Оның орнына өзіңізді үлгі етіп көрсетіңіз. Мысалы, балаға көрінетін жерге отырып, түрлі түсті суреттері бар кітап оқыңыз. Бірнеше минуттан соң ол өзі-ақ қасыңызға келіп, қызығушылық білдіруі мүмкін.

Балалар табиғатынан  білуге құмар болып келеді, сондықтан шамамен 2,5-3 жасынан бастап “неге” деген сұрақтарды жиі қояды. Сол кезде бала сұрағынан қашпай, түсінікті тілде түсіндіруге тырысыңыз. Егер бала сұрағына “Қойшы”, “Білмеймін”, “Неге сұрай бересің?”, “Артынан айтамын” дей берсеңіз, баланың жаңа нәрсені білуге деген қызығушылығы біртіндеп сөне береді.

Ойнау пайдасыз уақыт өткізу емес

Ойнау бала қиялының және сөйлеуінің дамуына ықпал етеді. Ойнау – баланың әлемді тануының және ондағы өз орнын табуының негізгі жолы. Жаңа білім де балаға ойын арқылы оңайырақ сіңеді.

Мысалы, бала әлемді зерттеуші қаһарман болатын ертегі ойлап табуға болады. Бұл оның зейінін ұзаққа дейін сақтауға көмектеседі. Ертегі арқылы балаға пайдалы мағлұматтар бере аласыз.

Есте сақтаудың тиімді жолы – қайталау

Неміс психологы Герман Эббингауз есте сақтау механизмін зерттеп, адам оқып білген ақпаратының 50 пайызын екінші күні ұмыта бастайды. Балалар үшін оқығаннан түсінгенін сұрау және көргенін талқылау өте маңызды. Бірақ бұл процесті қандай да бір тестілеуге не емтиханға айналдырмаңыз. Ересек адамның шынайы қызығушылығы баланың табиғи түрде өз ойымен бөлісуіне итермелейді. Балаңызбен сөйлесіңіз, қызығушылық білдіріңіз: “Балам, не оқып жатырсың? Ал мына кейіпкер кім?”. Бала ол нәрсенің сіз үшін шынымен маңызды екенін түсінген кезде ол кітап, фильм не видео туралы өз білгенімен қуана-қуана бөлісе кетеді. Талқылау процестері баланың ойлауын, сөздік қорын және сөйлеу қабілетін дамытады.

Дереккөз: massaget.kz

 

Сообщение Бала оқудан жалығып кетпес үшін… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Собянин сообщил о планах благоустройства Южного округа Москвы





Москва

В Подмосковье сотрудники Росгвардии задержали подозреваемого в краже товаров из магазина


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: трасса из Солнцева до Варшавского шоссе откроется в 2026 году



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Юрий Визбор

Вечер бардовской песни, посвященный Юрию Визбору, пройдет 19 июня в Обручевском




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня

В преддверии Международного дня защиты детей подмосковные росгвардейцы провели спортивное мероприятие для школьников

В новой Москве соревновались нештатные формирования


WTA

Надежда Петрова высказалась о перспективах Арины Соболенко снова возглавить рейтинг WTA



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

В квартире в центре Москвы нашли труп женщины без глазных яблок и уха



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России