Қазақстанда алғаш рет балмұздаққа «Халал» сертификаты берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғаш болып «Леңгір балмұздағы» халал өнім ретінде дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша сертификатқа ие болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС директоры Әнуар Елжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.