Сонарда
Айнала жым-жырт. Құлаққа ұрған танадай, тырс еткен дыбыс жоқ. Аппақ ұлпа қарға бөккен сонау белес-белес адырлар әрі ұзаған сайын бұлдырлана, шегі жоқ сияқты көрінеді. Әр жерде бөлек-бөлек шоғырлана өскен тырбық тал жердегі аппақ қардан айырғысыз.
Мен қарны кебежедей жалқау күрең биедегі атамның артына міңгесіп келемін. Бағана ауылдан шыққанда айырылмай беліне жабыса қалғаным. Әйтеуір, жүре келе, қолымды босата бастадым, оны аңғармады білем, әңгімемен келеді.
— Бұрынғы қылшылдаған жас кезім болса ғой, бұлай қақпан аңдып жүрер ме едім. О, шіркін жастық десеңші.
Атам біраз үнсіз отырды...
— Осы тап сендердей күнімізде, қазір сен нешеде едің?
— Ондамын.
— Енді тап ол кез...