Беркімбайұлы Естай
Естай (Есмағамбет) Беркімбайұлы 1868 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Әнші,ақын, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939), Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі (1940). Анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым да әнші болған. Естай олардан көптеген жыр, дастан, толғаулар үйренді. Әнге деген құмарлығы 7-8 жасынан-ақ байқалады.
Өз замандастары секілді халықтың өнер, білім мектебінің қызығына жастайынан кірісіп, «Әнші бала», «Беркімбайдың әнші баласы», «Естай-әнші жігіт» атанып өседі. Ауыл аймақтағы той-думан, айтыс, жыр өнерлерінің майталмандарының әсем әндері, күйлері Естайға үлкен әсер етіп, серілік сал жігіт, қыздардың қасынан қалмай өсе келе, 16 жасында Біржан салды тыңдап, ұмытылмастай әсер алады. Ақан серімен танысады,...