Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады
15 мамырда республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. “Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. […]
Сообщение Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
15 мамырда республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.
“Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды”, – деп жазылған хабарламада.
Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.
Айта кетсек, 15 мамырда осымен үшінші жыл жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Алғашқы жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.
Сообщение Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.