Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2019

“Халықтың тұрмысын қиындатады”. Тоқаев бірнеше қатаң тапсырма берді

0

Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде баспана, жол және ауыз су мәселесін шұғыл шешу қажеттігін атап өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    Жиынға зиялы қауым, ардагерлер мен кәсіподақ ұйымдары және жастар өкілдері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Мемлекет басшысы […]

Сообщение “Халықтың тұрмысын қиындатады”. Тоқаев бірнеше қатаң тапсырма берді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Президент Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде баспана, жол және ауыз су мәселесін шұғыл шешу қажеттігін атап өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Жиынға зиялы қауым, ардагерлер мен кәсіподақ ұйымдары және жастар өкілдері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Мемлекет басшысы өңірдің елімізді өркендетуге қосқан үлесі мен даму ерекшеліктеріне тоқталды.

“Қазақстанның дамуына оң ықпалын тигізетін маңызды өлкеге ерекше көңіл бөлінеді. Облыстың географиялық жағдайы, табиғи байлығы мен өндірістік базасы өңірдің өркендеуіне қолайлы. Бүгінде Ақжайық аймағы біраз салалар бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізіп отыр”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті ауыл шаруашылығы әлеуеті жоғары өңірде агроөндірістік кешенді дамыту үшін үкімет пен жергілікті әкімдікке тапсырма берді.

“Ет экспортының көрсеткіші өте жақсы. Дегенмен, осы саладағы еңбек өнімділігі төмендеген. Бұл мәселені үкіметпен бірлесіп, жүйелі түрде шешу қажет, – деді мемлекет басшысы.

Тұрғын үй құрылысын жандандыру қажет

Қазақстан президенті облыста әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

“Шетелдік инвестиция есебінен екі бірдей алыс ауданның орталығына дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Әкімдікке Жастар жылы аясында барлық аудандарды осындай дене шынықтыру кешендерімен қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру қажет. Құрылыс барысын қатаң бақылауды облыс әкіміне тапсырамын. Әлеуметтік жағдайы нашар және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтуды жүйелі түрде реттеу керек”, – деді мемлекет басшысы. 

2020 жылы халықтың 80 пайызы ауыз сумен қамтылады

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ауыз су мәселесін шұғыл шешу қажеттігін атап өтті.

“Таза ауызсу мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Елді мекендердің 45 пайызы ғана орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс әкіміне үкіметпен бірлесіп, 2020 жылы бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізуді тапсырамын”, – деді Қазақстан президенті. 

Жолдардың 70 пайызы сын көтермейді

Мемлекет басшысы аймақтың көлік-логистикалық әлеуетіне ерекше тоқталып, жергілікті жолдардың сапасын арттырудың маңызды екенін атап өтті.

“Өңірдегі жол проблемасы әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Облыстық маңызы бар жолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейді. Бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызады, сонымен қатар, өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Орынбор тас жолын жөндеу жұмыстары, оңтүстіктегі – Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында жол құрылысы басталғанын білемін. Үкіметке жергілікті әкімдікпен бірлесіп, 2021 жылдың соңына дейін осы жұмыстарды аяқтауды тапсырамын. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарық неге жиі сөнеді

Мемлекет басшысы облыстағы тозығы жеткен электр желілеріне назар аударды.

“Облыстың электр желілері тозған. Сол себепті аудандарда жарықтың жиі сөнуі байқалады. Мұндай өзекті мәселелер шешілмей, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орнын ашу туралы ойлауға бола ма? Осы проблемаларды үкіметпен бірлесіп, жүйелі түрде шешуді қолға алу керек”, – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ашықтық пен жариялылықты одан әрі дамытуды тапсырды.

“Барлық деңгейдегі әкімдер азаматтардың өтініштеріне дер кезінде, кідіріссіз жауап беруі қажет. “Ашық әкімдік” жобасы – осы үшін жасалған алғашқы қадам. Мемлекеттік органдардың жұмысы “қызмет үшін адам” емес, “адам үшін қызмет” қағидатына бейімделуі керек, – деді мемлекет басшысы. 

Жиын соңында, Қазақстан президенті еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін “Стройкомбинат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Б.Нұрбаевты, “Автокомбинат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры В.Голоуховты, Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Н.Дмитриенконы және Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Г.Нұғманованы алғыс хаттармен марапаттады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сообщение “Халықтың тұрмысын қиындатады”. Тоқаев бірнеше қатаң тапсырма берді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин посетил фестиваль «Москва — на волне. Рыбная неделя»





Москва

Грубая фальсификация Баку: Уничтожающий собственный народ Азербайджан обвиняет армян


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Более трех миллионов человек посетили фестиваль «Москва на волне. Рыбная неделя»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Виктор Цой

Песни Виктора Цоя исполнит оркестр в Хабаровске




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)

Больше всего работников с креативными идеями работает в ритейле и спорте

МегаФон привёз спасателям и пожарным грузовик связи


Елена Рыбакина

В России отреагировали на "скрытую баранку" и достижение Рыбакиной на Ролан Гаррос



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

«Райский цветник» Бакиханова и азербайджанские фальсификации. ВИДЕО



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России