Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2019

Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?

0

Биыл мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.  Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Алайда сырқаттану, денсаулығының нашар болуы себепті бұл игіліктен, яғни […]

Сообщение Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Биыл мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр. 

Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Алайда сырқаттану, денсаулығының нашар болуы себепті бұл игіліктен, яғни күндіз ораза ұстау мүмкіндігінен айырылған адамдар да бар. Шариғаттың кейбір адамдарға Рамазанда ораза ұстамауды рұқсат ететіні бәріне белгілі.

Ораза ұстаған жанды тамақтандырыңыз

Алматы орталық мешітінің баспасөз хатшысы Бауыржан Мырзақұл қасиетті Рамазан айында ауыз бекітпегендерге не істеу керек екенін айтты.

“Біріншіден, белгілі бір орынды себеппен ораза тұтпаған күннің өзінде ораза ұстағандардың көзінше ішіп-жемеуге тырысыңыз, бұл мәкрүх болып саналады. Рамазанда ізгі амалдарға берілетін сауап еселенеді. Сондықтан, игі іс жасауға асығыңыз. Егде жастағыларға орын беріңіз, көршілеріңізді немесе туыстарыңызды зиярат етіңіз, мешітте мұқтаж жандарға ауызашар жасауға қол ұшын беріңіз, науқастың көңілін сұрауға барыңыз” , – дейді Бауыржан Мырзақұл.

“Мәусу‘аәтрафәл-хадис ән-Нәбәуи әш-шәриф” кітабында: “Рамазанда жасалған абзал амал Алланың алдында парыз амал боп жазылады. Ал, парыз амал басқа айларда жасалатын жетпіс парыз амалға тең болады” деп жазылған екен.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл айда ораза ұстаған жанды тамақтандыру керек.

“Өзіңіз ораза ұстай алмасаңыз, достарыңыз бен туыстарыңызға немесе таныстарыңызға арнап ауызашар жасаңыз. Олардың арасында көмекке зәру жандар болуы мүмкін. Осылайша, сіз игі амал жасайсыз. Кедейге жәрдем бересіз әрі ораза ұстаған адамның аузын аштырасыз”, – дейді Алматы орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

Хадисте былай делінген: “Ораза ұстаған адамға ауыз аштырған адам сол ораза ұстаған адаммен бірдей сауапқа кенеледі, одан ораза ұстаған жанның сауабы кемімейді” (Ахмад, Тирмизи және Ән-Нәсәи риуаят еткен).

Бауыржан Мырзақұлдың айтуынша, күні бойы ораза ұстап, кешкісін ауыз ашу қуанышын сезінуге мүмкіндігіңіз болмаса, сіз жасаған ауызашарда ауыз ашатын адамдарды тамақтандыру арқылы қуанышқа кенелесіз.

Рамазан – татулық айы

“Егер туыстарыңыздың, көршілеріңіздің не болмаса достарыңыздың арасында дінді ұстанбайтындар болса, дәл осы айда оларға Исламның көркемдігін көрсетуге барыңызды салсаңыз болады. Оларды ауызашарға шақырыңыз, Рамазан айының мәні жайында баяндап беріңіз”, – дейді ол.

Бастысы, өзгелерді кешіріп, ешкімге кек сақтамауға тырысу қажет.

“Біреумен араздасып қалсаңыз, татуласуға күш салыңыз. Хадисте мұсылман бауырлардың үш күннен астам уақыт бір-бірімен сөйлеспей, араздықта болуының жарамайтыны айтылады емес пе? Егер отбасыңыз қандай да бір себеппен туыстарыңыздың бірімен ат құйрығын кескен болса, дәл осы Рамазанда солармен татулассаңыз, нұр үстіне нұр болады” – дейді Бауыржан Мырзақұл.

Құран оқуға тырысыңыз

Сондай-ақ, ғайбат айтудан аулақ болу керек. Құлшылықты арттырып, Құран оқу керек.

“Мейлінше көп уақытыңызды Құранға бөліңіз. Құранды оқи алсаңыз, күніне бірнеше сүре оқып отыруға тырысыңыз. Бірақ, бір есте сақтарлық жайт, Құран оқығанда тиісті әдептерді қадағалау қажет. Оған құрметпен қарау керек (атап айтқанда, Құранның арабша мәтінін әуретіңіз жабық, дәретті күйде ашу керек, оны құблаға бет бұрып отырып оқыған абзал, Құранды үстелдің немесе басқа бір нәрсенің үстіне қою керек, жерге қойып, аяқ астында қалдыруға, лас жерге қоюға болмайды”, – дейді ол.

Мешіттің баспасөз хатшысы тарауық намазын қалдырмау керектігін де айтты. Мүмкін болса, Рамазанда барлық намазды мешітте жамағатпен оқуға тырысқан жөн. Алланы еске алудың (зікір етудің) кез келген уақытта маңызы зор.

“Айтылған ойдың бәрі ораза ұстайтын, ұстамайтын барша мұсылмандарға қатысты. Дегенмен, Рамазан айының игіліктерін уысынан шығарып алмас үшін ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ жандардың бұған ерекше мән бергені жөн”, – дейді ол.

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан

Сообщение Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»





Москва

Новости фармацевтики в России и в мире


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: Музею-заповеднику "Царицыно" – 40 лет



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Юрий Башмет

С 31 мая по 7 июня 2024 в Самаре пройдет детская академия Башмета




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

На ВДНХ пройдет Удмуртский национальный праздник Гербер

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

Команда Центрального округа Росгвардии стала призером на чемпионате по пожарно-спасательному спорту в Москве (видео)


Сюзанн Ленглен

Последний танец Надаля и юбка Сюзанн Ленглен: 6 важных фактов о «Ролан Гаррос»-2024



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Симферополь

Сожалеют, что бросающих черепах не бросили в тюрьму



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России