Адамның бәрі оңбаған емес!
Нацистерге: «Адамның бәрі оңбаған емес!» — деп балалармен бірге газ камерасына кіріп бара жатқан адам айтты.
Януш Корчак. Польшалық пeдaгoг, жазушы және дәрігер. Аман қалатын жағдайы бола тұра, одан үш рет бас тартқан адам.
Бірінші рет Януш Польша оккупацияланар алдында, нацистермен болған соғыстан алдын «Жетімдер үйін» қараусыз қалдырмау үшін, елден кетпеуге бел буды.
Екінші рет — варшавалық геттодан қашып кетуден бас тартты.
Ал үшінші рет — жетімдер үйінің барлық балалары лагерьге баратын пойызға мінгізіліп қойған кезде, Корчакқа нацист, СС офицері келіп:
— «Король Матиушты» сіз жаздыңыз емес пе? Ол кітапты мен кішкентай кезімде оқығанмын. Жақсы кітап. Сіз боссыз, — деді.
— Балалар ше?
— Балалар кетеді. Бірақ сіз вагоннан түсіп қалсаңыз болады. ...