Иорданияда қазақстандықтардың сайлаудағы белсенділігі 95,75% құрады
АММАН. ҚазАқпарат - Амманда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына үміткерлер үшін дауыс беру аяқталды. Халықтың Иорданиядағы №278 сайлау учаскесіне келу белсенділігі 95,75% құрады. Қорытынды нәтиже бюллетеньдер саналып, рәсімделгеннен кейін белгілі болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі.