Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июнь
2019

Түс көру туралы

0

Өңіңдегі нәрселердің «ксеро-көшірмесі» саналатын түс көру жайлы ғылым дәлелдеген бірнеше қызық дерек бар. Психикасы бұзылған кейбір науқастардан басқа бүкіл адам түс көру қабілетіне ие. Өкінішке қарай, көрген түсіміздің 90 пайызын ұмытып қалады екенбіз. Әйгілі «Генриадасы» үшін Вольтер, бензол формуласы үшін Август Кекуленің ұйқыға «қарыздар» екенін екінің бірі біле бермес. Бұрын көрмеген бейтаныс жандарды түсіңде көрсең, […]

Сообщение Түс көру туралы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Өңіңдегі нәрселердің «ксеро-көшірмесі» саналатын түс көру жайлы ғылым дәлелдеген бірнеше қызық дерек бар. Психикасы бұзылған кейбір науқастардан басқа бүкіл адам түс көру қабілетіне ие. Өкінішке қарай, көрген түсіміздің 90 пайызын ұмытып қалады екенбіз.

Әйгілі «Генриадасы» үшін Вольтер, бензол формуласы үшін Август Кекуленің ұйқыға «қарыздар» екенін екінің бірі біле бермес. Бұрын көрмеген бейтаныс жандарды түсіңде көрсең, еш таңғалмай-ақ қой. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ол «кейіпкерлер» – шынайы өмірде кездесіп, бірақ есімізде сақталмаған адамдар. Түсіңде кемпірқосақ көрсең, қуануыңның жөні бар.

Өйткені, адамзаттың 12 пайызы іш пыстырарлық ақ-қара түстер ғана көреді. Айтпақшы, шылым шегуді қойғандардың түсі тіптен керемет. Басқалармен салыстырғанда, бояуы қанығырақ түстер. Туа біткен зағип жандар түс көре ме екен деп ойлаған боларсыңдар? Олардың түстері дыбыс, әуен, иіс секілді сезімнен тұратын көрінеді. Ал кішкене сәбилер 3 жасқа дейін өз түстерінде өздерін көрмейді. Жапонның қорқынышты қуыршақтары жайлы фильмдерден де жаман сұмдық түстер кездеседі кейде. Ересектерден гөрі, 3-8 жас аралығындағы балаларды сондай түс жиі мазалайды. Өзінен кейінгі ұрпағының ұсақталуын белгі қылатын Абылай ханның түсі, Бабырдың Самарқан қаласын алар алдындағы түсі, қайда барса өз көрін қазғандарды көрген Қорқыттың түсі бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

Саясат әлемінде де бұл белгілер өз «қолтаңбасын» қалдыруда. АҚШ президенті Авраам Линкольн дәм-тұзы таусыларын түсінде көрген. Ақ Үйдің төріне қойылған табытты көріп, оны күзеткен сарбаздан не болғанын сұраса, «Құрама Штаттардың президенті қасақана атылған оқтан қаза тапты» деген жауап алады. Айтқандай-ақ, алты аптадан соң Линкольнді Форд Театрында атып кетеді.

Шығармашылық адамдары үшін де ұйқы – толассыз идея-лардың сандығы тәріздес. Жер-жаһанда бұрын-соңды өмір сүрген астрологтар мен көріпкелдердің ең әйгілісі Мишель Нострадамус 1549 жылы түс көреді. Өзінің болашақты болжаған атақты «Центуриялар» («Ғасырлар») атты еңбегін жазуға отырған. Француз философы Рене Декарт болса, түс көру арқылы ХVІІ ғасырдың ұлы ғалымына айналған. Ол 1619 жылдың 10 қарашасы күні болжамын дәйектей алмаған күйі төсекке құлайды. Түсінде ғылыми жұмысы үш жүз жыл бойы әлем ғалымдарына қызмет еткен. ХVІІ ғасырда өмір сүрген Италия композиторы Джузеппе Тартини түсінде скрипкада ойнап отыр-ған шайтанды көреді. Шошып оянған композитор скрипкасын қолына алып, құлағында қалған әуенді қайталап тартып, қағазға түсіреді. Бұл кейін оның ең үздік шығармаларының қатарына қосылады. Ағылшынның ұлы жазушысы Чарльз Диккенс те көп туындыларының сюжетін өз түстерінен «ұрлаған» екен. Вагнер, Бетховен, Моцарттар да шығармаларын алғаш түсінде естіген. Сыбырлап жеткізгендей екен. Пушкинге «Лициниясының» екі тармағы, Державинге «Құдай» одасының соңғы жолы енген. Периодтық элементтердің кестесін жасау үшін Менделеевке бір түс көру жеткілікті болса, физиолог Отто Левиді Нобель сыйлығының иегері еткен тамаша жаңалығы да түсінде көрінген.

Түс жорудың маңыздылығын ғибрат ететін тағлымды жайттар тарихта да аз емес. Әйгілі Кир патшаның түсіне аяғының астына шуағын төгіп тұрған жарық күн енеді. Ол күнді үш рет ұстамақ болып құшағына қысуға ұм-тылғанымен, күн үш рет оның құшағынан сытылып шығып кетеді де, домалаған күйі алыстай береді. Көріпкелдер мұны: «Сіз отыз жыл патшалық құрасыз» деп жориды. Шынында да Кир патша отыз жыл бойы әмірін жүргізген.

 Дереккөз: massaget.kz 

Сообщение Түс көру туралы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин. Главное за день





Москва

Компания ICDMC приняла участие в торжественном открытии выставки “Тульское качество”


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: В июне в Москве пройдет цикл мероприятий для собак и их владельцев



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Игорь Бутман

Оркестр Бутмана даст концерты в 25 городах в честь 25-летия коллектива




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ

ТАСС: Паралимпийский комитет России провел урок и мастер-классы для участников СВО

Бойцовская лига «Наше Дело» представит спортивную зону на Дне России


Ролан Гаррос

"Ролан Гаррос" стартовал в Париже



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Путин по приезде в Москву встретился с главой Ингушетии Калиматовым



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России