Жанқош Тұраров қомақты гонорары бар келісімшарт үшін әлемдік турнирге қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Жанқош Тұраров (23-0, 16КО) MTK Global белді менеджерлік компаниясы өткізетін Golden Contract («Алтын келісімшарт») турниріне қатысатын кәсіпқой боксшылардың тізіміне енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат промоутерлік компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.