Жанкент қалашығы туристік нысанға айналады
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағында орын тепкен Жанкент қалашығын туристік нысанға айналдыру мақсатында ауқымды қазба жұмыстары жасалып келеді. Бұл бағытта жергілікті археологтар Германия және Ресей ғалымдарымен бірге жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.