Қонақжай қазақ
Қонақжайлық қазақтың қанына біткен асыл қасиет. Өзгеден ерен қылатын ерекшелік.
Қазақ - қонақжай халық. Осы сөйлемді естіген сайын менің көз алдыма қаршадай күнім, дастарханы жиылмайтын біздің ақшаңқай киіз үйіміз келеді. Төрінен қонақ үзілмейтін, ошағынан қазан түспейтін үйді сипаттау керек болса, ары ұзамайын деп өзімнің қараша үйімді тіліме тиек етер едім.
Біздің үйдің қос бәйтерегі өз алдына отау боп шыққан, 7 бала өсірген, таныс-тамырлары көп жандар болды. Содан болар, әйтеуір, біздің үйдің ішілетін асын қонақ келмей ішкеніміз есімде жоқ. Қонақтың сыбағасын ұсыну, қонақ кәде сұрау өз алдына бөлек әңгіме. Қонақ келсе қой егіз табытыны сияқты, ырысымыз артпаса, кеміген жоқ, шүкір. Жастайымыздан көргеніміз бар, анамыздың бойымызға сіңіргені бар дегендей. Қазір, өзім де...