Қорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік мәселелері қаралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің басшылық етуімен әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті ведомствоаралық отырысы өтті.