"Ұстаз болу жүректің батырлығы"
Қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін ұстаздар мерекесіне орай М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Филология факультетінің студенті Бошан Несібелі мақала жариялады. Ұлағатты ұстаздарын жүрек тебірентер сөздерімен құттықтады.
Дүниедегі мамандық атаулының анасы–ұстаздық. Себебі ұлы тұлғаларымыздың барлығы ұстаздан тəлім алған, ұстаздың салып берген сара жолынан өткен. Өлең сөзді өрнектеген ақын да, қаламы қарышталған жазушы да, ғылым жолында түрлі жаңалықтар ашып жүрген ғалым да ұстаздан білім алған. Сондықтан да жас ұрпақтың жолын айқындап беретін ұстаздар қауымына үлкен құрметпен қарау–адамдық борышымыз.
Бүгінгі қоғамда адамды адам ететін, адамтану мəдениетін қалыптастыратын маман ол – ұстаз. Яки адам тəніне жауапты дәрігер болса, адам жанын қалыптастырушы – ұстаз дер едім.
Ал мұғалім мəртебесі туралы айтылар дүние де, жазылар ойлар да бөлек. Ұстаздық–барлық мамандықтың асқар шыңы. Ол шыңға шығу да мəртебелі іс, кез келгеннің...