Ескерткіштер елдіктің белгісі
Тарихқа оралу.
Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Тәуелсіздік - сан буын бабалардың, қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.
Тәуелсіздік - кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі болып табылады. Азаттық жолындағы жанкешті қадамдарымыз ақталды. Ол бүгінгі ұрпақтың «Мәңгілік ел» идеясының айналасына бірігуі», - деген бір ауыз сөзі бәріміздің санамызды сілкитіні анық.
Шын мәнінде азаттықтың ақ таңын біз ұзақ күттік. Ақыры ғасырлар бойы аңсаған арманымызға қол жеткіздік. Аласапыран уақытта елдің тізгінін қолына алып, барлық қиындықтан алып шыққан Елбасының көреген саясаты бүгінде өз жемісін берді. Мұны бір ауыз...