Көз жасымен суарылған гүл...
Бұл әңгіме шырайлы Шұбайқызылды көргенде, жүректен төгіле шыққан еді.
Қазақ халқы… Бұл атау қайдан шықты, қалайша бұл халық солтүстігінен оңтүстігіне қарай 1600, батысынан шығысына дейін 3000 шақырымға созылып жатқан дархан даланың иесіне айналды? Әрине, тарлан тарих беттерінде әлемге қонақжайлығымен танылған халықтың хандық болып құрылып, бір киіз үйдің бір шаңырағының астындағы ошақта бір алау болып тұтанып, түтін түтеткен уақыты 1465 жыл деп саналады. Бірақ, қалайша әр түрлі жерден нәр алған ағаштар бықсымай жанып, киелі шаңырақтан түтін болып шығып, кең далаға тіршілік тынысын сездірді?! Ол халықтың тайға таңба басқандай мәдениетінің берік, тілі, ділі, дінінің ортақ әрі рухани байлықтарының меңіреу жатқан кең сахара төсіне тезірек сіңісіп кетуінен болса керек.
Ел басына күн...