Асқар Шәкіров Парламент Төрағалары Еуропа конференциясының жұмысына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) аясында Страсбург қаласында Парламент Төрағаларының Еуропа конференциясының жұмысына қатысты. Бұл туралы Жоғары Палатаның баспасөз қызметі хабарлайды.