5 қараша күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Бұл, Оңтүстік Каспий циклонымен және атмосфералық фронттармен байланысты. Осыған орай, жекелеген өңірлерде жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыста түнде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.