Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2019

Неге жақындарымызға дауыс көтереміз?

0

Біз ашуымызды басқаларға қарағанда өзіміздің жақын адамдарымызға жиі көрсетеміз. Басқа адамдардың көзінше барынша шыдамды болып, үйге келгенде күйеуіңізге немесе балаңызға айқайлай саласыз. Неліктен мұндай жағдай орын алады? Оның себептері көп. Отбасыда өзіңізді еркін ұстайсыз Өмір болған соң біраз нәрселерге шыдау керек болады. Үйден сыртқа шыққан әр адам қоғамдық ортаға түскендіктен әртүрлі адамдар, түрлі пікір не […]

Сообщение Неге жақындарымызға дауыс көтереміз? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Біз ашуымызды басқаларға қарағанда өзіміздің жақын адамдарымызға жиі көрсетеміз. Басқа адамдардың көзінше барынша шыдамды болып, үйге келгенде күйеуіңізге немесе балаңызға айқайлай саласыз. Неліктен мұндай жағдай орын алады? Оның себептері көп.

Отбасыда өзіңізді еркін ұстайсыз

Өмір болған соң біраз нәрселерге шыдау керек болады. Үйден сыртқа шыққан әр адам қоғамдық ортаға түскендіктен әртүрлі адамдар, түрлі пікір не көзқарас, кез келген жағдай орын алуы мүмкін екенін түсінеді. Сондықтан адам қоғамдық көлікте, жұмыста немесе кезекте тұрғанда қандай жағдай болмасын өзін ұстауға тырысады. Шыдамды болуда тұрған ештеңе жоқ. Әр адам өз тәрбиесін ұмытпай, қоғамдық орында айқайласпауға тырысу керек. Осылайша, адамның ішіне негативті энергия жинала береді. Бірақ ол шексіз жалғаса бермейді, әйтпесе, барлық негатив пен ренішті ішіңізге жинай берсеңіз, жүйкеңіз жұқарып, ауруға ұшырайсыз. Ең сабырлы адамның өзіне арасында ішіндегісін шығару қажет болады.

Қаншалықты “біртүрлі” естілсе де, мұндай кезде адамдардың көпшілігі бар ашуын отбасы мүшелеріне шығарады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, отбасы мүшелері оны қандай болмасын жақсы көретініне сенеді. Оны психологтар инфантильдік ұстаным, басқаша айтқанда, “ана мен бала қатынасы” деп атайды. Мысалы, баласы не істесе де, анасы оны қалай бар солай жақсы көреді. Екіншіден, эмоциясын жақындарына шығару – ол сенімділіктің белгісі. Бірақ бұл жағдайда отбасы мүшелері өздерін қалай сезінеді? Олардың орнына өзіңізді қойып көріңіз. Оларға әрдайым даусыңызды көтере берсеңіз, олар сізден алшақтай түседі. Сондықтан іштегі негативті шығарудың басқа әдістерін зерттеңіз. Мысалы: медитация жасауды үйрену немесе жұмыстан келе жатып бірден үйге кірмей, таза ауада серуендеп алу және кешкісін жақын адамыңызбен тыныш күйде әңгіме айту.

Жақыныңызға “жақсы” болсын деп дауыс көтересіз

Біз жақын адамымызбен ұзақ уақыт бірге болғандықтан, ол туралы оның өзінен де жақсырақ білеміз деп (жиі қате) ойлай бастаймыз. Күйеуіңізді немесе балаңызды сыртынан бақылап, оған не керегін және қалай істесе дұрыс болатынын толықтай білемін деп ойлайсыз. Бірақ сіздің “жақсы болсын” деген пікіріңіз оның пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Содан кейін оған айқайлай бастайсыз. Жақын адамыңызды “қажетті” арнаға бұру арқылы оның әрекетіне, қалауына шек қоясыз. Оны өз еркіңізге бағындырасыз. Біреу сізге не керегін сізден де жақсы білетінін айтып, қалауыңыздан басқа нәрсеге бұра берсе, қалай болар едіңіз? Оның орнына отбасы мүшелерін әрдайым қолдаңыз, пікірін тыңдаңыз, қалаған нәрсесін бірге зерттеп, ол нәрсенің кемшіліктері мен артықшылықтарын бірге оқыңыз. Қателессе, “айттым ғой” деп бірден дауыс көтермеңіз. Әр адам қателіктер арқылы ғана тәжірибе жинайтынын ұмытпаңыз. Сізге жақындарыңыздың (негативті болса да) назары қажет Ең тәуелсіз адамның өзі жалғыздықтан қорқады.

Егер адам өзіне “позитивті” назар аударта алмаса, ол шабуыл жасау арқылы зейін аудартуды ойлайды. Мысалы, кішкентай балалар ата-анасын өзіне қарату үшін себепсіз еркелеп, жылайды. Назар аудартудың “бала” әдісін ересек өмірде де пайдаланатын адамдар бар. Жақындарыңыздың назарын дауыс көтеру немесе ренжу арқылы өзіңізге қарата берсеңіз, біркүні олардың сізге деген сенімін жоғалтып аласыз немесе үйреншікті жағдайға айналып мүлдем елемейтін болады. Оның орнына отбасы мүшелеріне көбірек мақтау сөздер айтыңыз, оларды қалай жақсы көретініңізді жиі білдіріңіз және олардың әр бастауын қолдаңыз.

Дереккөз: massaget.kz

Сообщение Неге жақындарымызға дауыс көтереміз? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»





Москва

ONYX отправляется в Большой тур по России


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин назвал победителей конкурса «Педагоги года Москвы»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Сергей Лазарев

«Сергей Лазарев за все платит»: диско-бабушка из Коми рассказала, как ей искали квартиру




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

В Москве 1 июня стартует чемпионат по игре «Камень, ножницы, бумага»

В преддверии Международного дня защиты детей подмосковные росгвардейцы провели спортивное мероприятие для школьников

Два проекта Первый Бит отмечены дипломами финалистов конкурса «BPM-проект года»


WTA

Надежда Петрова высказалась о перспективах Арины Соболенко снова возглавить рейтинг WTA



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Создать комфортные условия для исследований и обучения



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России