Биыл отбасыларға бюджеттен 162 миллиард теңгеден астам қаражат төленді - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызмет хабарлады.