Алматы облысында қақаған қыста да далада суға шомылуға болады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында жер астынан шығатын ыстық суға келушілер саны артуда. Ұйғыр ауданына қарасты Қарадала жазығында туризм саласы дамып жатыр. Мұнда жер астынан шығатын ыстық судың температурасы 42-56 градусқа дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.