Мақтаарал ауданындағы мектептерде психологиялық семинарлар өткізілуде
МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы мектептерде психологиялық семинар-тренингтер өткізілуде. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен басқосулар жалпы орта білім беру мекемелері мен арнаулы орта оқу орындарында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.