Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Ноябрь
2019

Анаң демалып алсын…

0

АНАҢ ДЕМАЛЫП АЛСЫН… Босанған күннен бастап бұл сөзді күнде еститін болдым. Жұмыстан кейін үйге келгенде қолын жуа салып, балаға ұмтылатын. Жаюлы дастархан, жаңадан әкелген газетке мән бермейтін. Сол кезде күйеуіме екінші рет шексіз ғашық болдым. “Анаң демалып алсын” – деп жымиған ол, қолына Филиппті алады да, сосын мұрнының астынан бесік жырын ыңылдап айтып, ұлын ұйықтатқанша […]

Сообщение Анаң демалып алсын… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

АНАҢ ДЕМАЛЫП АЛСЫН… Босанған күннен бастап бұл сөзді күнде еститін болдым. Жұмыстан кейін үйге келгенде қолын жуа салып, балаға ұмтылатын. Жаюлы дастархан, жаңадан әкелген газетке мән бермейтін. Сол кезде күйеуіме екінші рет шексіз ғашық болдым.

“Анаң демалып алсын” – деп жымиған ол, қолына Филиппті алады да, сосын мұрнының астынан бесік жырын ыңылдап айтып, ұлын ұйықтатқанша маза таппайтын. “Анаң демалып алсын” – дейтін түн ішінде бала жылағанда ұйқылы-ояу тұрып, жаялығын ауыстырып, бөбегімізді менің қойныма ыңғайлап сап беріп жатып. Бала еміп болғанша ұйықтамай күтетін. Сосын оны ақырын алып бесігіне жатқызатын. “Анаң демалып алсын” – деп екі жеңін түріп жіберіп еркетотай балақайдың тамағын аузына тосатын. “Анаң демалып алсын” – деп бір жасар Филиппті кешкі серуенге киіндіріп, маған бір сағат болса да тынығып алуға мұрсат беруші еді.

“Анаң демалып алсын” – деп сыбырлайтын кітап оқып бер деп үйді басына көтеретін кішкентайымызға, сосын өзі ойлап табатын ертегілерін айтып беретін. “Анаң демалып алсын” – баланың сабағын тексеріп, түсінбегенін тәптіштеп түсіндіріп беретін. “Анаң демалып алсын” – деп қатаң дауыспен қарсы алды мектеп бітіру кешінен келген ұлын. Осы сөзді естісем болды, жаным ерекше елжірейді. Күнделікті күйбең мен қиындықтан зәде болған жүректі мейірімнің ыстық толқыны орап алатын. Көзіме жас үйіріліп, бақыттан басым айналатын. Бүкіл әлемге бақыттымын деп айғайлап айтқым келетін! Үшінші рет күйеуіме ғашық еткен жайт болды. Анаң деген сөзді әжеге алмастырғанда. “Әжең демалып алсын” – деп жылап отырған немеремізге саусағын шошайтты, ұлым мен келінім бірінші рет бізге немеремді қалдырып кеткен күні. Ол бәсең дауыспен бесік жырын ыңылдады. “Әжең демалып алсын” – деді Филипптің тұңғышына көзін қысып, көлге ертіп бармақшы боп, қармақтарын жинай бастағанда. “Әжең демалып алсын” – деді дауысын қатайтып, планшеті бүкіл үйге бақырып тұрған немересіне құлаққап беріп жатып. Немере қызымызды көруіне аз уақыт қап еді. Көре алмай кетті. Балалар мені жалғыз қалдырғысы келмей, қолдарына көшіріп алды.

Немере қызымды бірінші рет қолға алғанда, жылап қалдым. “Әжең демалып алсын” деген таныс дауысты еститіндей көңілім алабұртты.

Тіпті жан-жағыма қарап, сол дауыс шынымен естілетіндей күтіппін. Кешке таман, ұйқысырап жатып төргі бөлмеден Филипптің “Ұйықта, ботам, ұйықтай ғой. Анаң демалып алсын” – деген дауысын естіп қалдым. Орнымнан тұрып, бөлмемнің есігін аштым. Филипп қызын қолына алып, бесік жырын ыңылдап жүр екен. Сол баяғы бесік жыры. Әкесі айтып беретін жыр. Ол жанымызда жоқ. Бірақ оның “анаң демалып алсын” дейтін сөздері тірі.

Авторы белгісіз Аударған Шынар Әбілда

Дереккөз: Massaget.kz 

Сообщение Анаң демалып алсын… появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.





Губернаторы России
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу





Москва

ONYX отправляется в Большой тур по России


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин анонсировал большую летнюю спортивную программу



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Владимир Высоцкий

«Исход» в Новороссийске: почему не все местные любят этот памятник и при чём тут Высоцкий




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Работники Пожарно-спасательного центра показали свою слаженность в боевом развертывании

В новой Москве соревновались нештатные формирования

В преддверии Международного дня защиты детей подмосковные росгвардейцы провели спортивное мероприятие для школьников


Ролан Гаррос

Медведев пошутил о том, что часто проводит ночные матчи на турнирах «Большого шлема»



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Мир

На европейских курортах жители начали обносить улицы цепями, запрещая туристам туда заходить: романтический отдых закончился



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России