Жамбылда жеңіл өнеркәсіпті дамыту жолға қойылмақ
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді шаралар қолға алынбақ. Ол бойынша тиісті зерделеу жүмыстары жүргізіліп, нақты қадамдарға негізделген жұмыс жоспары құрылмақ. Бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңесте облыстағы аталған саланы дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.