Ауылдан алған аруым
Бір әріптен басталатын сөздерден құралған әңгіме. "А" әріпі.
Армысыздар ардақты ағайындар, арыстандай айбарлы ағалар, арманшыл адамдар!
Ата –анамның алтыдан асқанда айттырған Алматының алыс ауылындағы, адал аруды алуға адыраспанмен аластап аттандырғанын, ақыры аңызға айналған, аңызымды алдарыңызға арнаймын. Алдарыңызда абыржып атымды айтпаппын. Атым-Асыл. Айтқанымды аптықпай, алаңдамай, асықпай, айғайламай, асқазанды ашықтырмай, ауызды ашпай ақылға алыңыздар. Аруды алуды алғашында айлап армандадым. Ақыры Алматының алыс ауылындағы ақбасты алпыс-алтыдағы алпауыттай, Ақсақал Асқар атаның ажарлы Айманын алмаққа, ауылым Ақ Алатаудай-Алтайдан ат алып,арылтып, арбаланып, арқаланып аттандым. Айтпақшы, арзандатып алтын алқада алдық. Алқаны алуға Алматыны адам айтқысыздай, армансыз араладық. Ақшамның аздығынан, айдай алтын алқа ала алмадым. Ақысына, айламды асырып ата-анама, ауылдан алты алқа алатын ақшаға, айтқанымнан айнымай,...