Шымкентте ең көп кітап оқыған жеткіншектер марапатталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте «Кітап оқып, рухани бай бол» атты кітап оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі мен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған сайыс 15 қазанда басталып, екі кезең бойынша өткізілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.