ШАРЫҚТАП ШЫҢҒА ҰМТЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
Бұл жұмысым менің халқымның маңдайына біткен бақ - Тәуелсіздік мерекесіне арналды.
«... Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз,
Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз.
Әніміз бар асқақ жалау сықылды,
Көтерілсе - тік көтерер жұртымды.
Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз».
Қасым Аманжолов.
Мен - кеңпейіл, көңілі дархан әрі әлем халқы ержүрек деп таныған қазақ қызымын. Сан ғасыр адамзат баласын бауырына басқан ұлы дала перзенті де мен боламын. Қазақ қызы ретінде өз елімді, өз жерімді ардақ тұтып, мақтан етемін.Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен және табысты қайта құрылымдалуларымен тамаша жалғастырып келеді. Жарасымды да жасампаз саясаттың нәтижесінде біз әлемдік прогреске қол жеткізіп, айналаға түгел...