Шымкентте жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы ТЖД жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Өрт сөндіру қызметінің №4 өрт сөндіру бөлімінде өткен салтанатты шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұқарбай Парманов пен төтенше жағдайлар қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.