Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының тарихына қысқаша шолу
1958 жылы 21 мамырда КСРО Жоғары білім министрлігінің Жарлығы негізінде Қазақ ССР тарихы кафедрасы сол кездегі Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры Т. Дарқанбаевтың жарлығымен 1958 жылы 30 қыркүйекте құрылды. Кафедра құрылған 1958 жылдан бастап 1966 жылға дейін көрнекті тарихшы ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының доктор, профессор Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов басқарып, кафедраның дамуына зор еңбек сіңірген. Сол кезден бері кафедраны басқарған бірнеше басшылар болды. Атап айтсақ, 1967-1970 жылдары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Хабиев Хакім, 1971-1980 жылдары тарих ғылымдарының докторы, профессор Кенжебаев Сәкен Мамажанович, 1981 жылдан кафедра меңгерушілігіне тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жаманбаевич Жаманбаев, 1987-2001 жылдары тарих ғылымдарының...