Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан және Н.Ә.Назарбаевтың тарихи рөлі
Республиканың егемендігі мен ұлттық тәуелсіздігі мәселесі 1986 жылғы желтоқсан айында алдыңғы қатарға шығып, бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп дүниежүзілік саяси жүйедегі өзгерістердің бастауы болғаны тарихтан мәлім. Кеңес Одағының ыдырауы мен одақтас республикалардың қайта құрылуы нәтижесінде қалыптасқан президенттік институт жетекші саяси жүйеге айналып,жаңа мемлекеттіліктің іргетасы қаланды. Осылайша, қоғамдық дамуды бағыттауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік билік қалыптасады. «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде Жоғарғы Кеңес сессиясында ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан мемлекетті басқаруға қатысып, бірқатар басшылық қызметтерді атқарған, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін 1989 жылғы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы лауазымына,...