Бір тамшы ой...
Әйгілі қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" туындысымен көпшілігіңіз таныс боларсыз.Адам бойына асыл құндылықтарды құятын шығарманың әрбір бөлігі сиқырмен бедерленгендей.Жүректі жаулаған қос кейіпкердің қилы тағдыры оқырман жүрегіне жол тарта білді.Ал, Ерболдың сүйген жары -Меңтайдың асыл анасының мәнге толы жүрекжарды нақылдарын назарларыңызға ұсынбақпын:
"Ел билеген жақсы адамның өмірдің күнделікті күйбеңімен кетіп, ертеңгі ұрпаққа мұра боларлық өз атынан ештеңе қалдырмауы өкінішті.Абай атамыздың өзгелерден артықшылығы да осында-артына тастап кеткен асыл кітабында ғой"
"Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды.Көп білген адам көп тындырса, мақтауға болар еді.Көп біліп түк тындырмайтындар да бар.Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ.Ондай "білгіштен" аз біліп, көп тындыратын...