30 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуімен аздаған қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.