Анаға тағзым
Өмірдегі ең жақын адамым- анама арналады
Дүниедегі ең асыл адам, ең жақын адам, ең қамқор да жанашыр адам - ана. Ана туралы қай ақын қалам тербемеген?! Ана туралы кім сыр шертпеген?!
Менің де анам бар. Мені жарық дүниеге әкеліп, маған өмір сыйлаған. Өмірімнің әр жауапты сәттерінде бірге болған менің жан анашым. Қолымнан ұстап ең алғаш рет мектеп табалдырығын аттатқан – анам. Мектептегі жетістіктеріме қуанған, сәтсіздіктеріме налыған, менен сенімін үзбеген – анам. Алтын ұя мектепті бітіргенімде кеудесіндегі жүрегі менімен бірге лүпілдеп, менімен бірге қобалжыған – анам.
Каладағы оқу орнына да ертіп барып, демеу болған , қаланы аралатып көрсеткен – анам. Студенттік өмірімде ауылдан сәлемдеме жіберіп, ала дорба ...