Cөнген үміт
Мақала кейіпкерлері ойдан шығарылған. Егер біреудің тағдырымен сәйкес келсе, кездейсоқ жағдай
Бөлме. Шам жарығы. Соғылған сағаттың үні. Үнсіздік. Ноутбуктың алдында бірталай уақыт отырған Айсәуле. Ол бір сәт бар әлемнен бөлектеніп кеткендей күйде. Ешкімнің сөзіне құлақ асар емес. Ешкімге тіл қатар емес. Өзімен өзі отырған қалпы...
Айсәуленің өмірінде ауыр кезеңдер де, көз жасы да, түңілу де болған. Оның толыққанды өмірге қайта оралуына мына ғаламтор себепкер ме екен?! Әлде... Не болса да бұл ноутбукпен оның жақын арада қоштасатын түрі жоқ.
Зымыраған уақыт. Күндер. Түндер. Өз әлемінде өмір сүріп жатқан Айсәуле. Ғаламтор. Әлеуметтік желі. Сансыз хаттар. Жылы сөздер. Тілектер. Мұның бәрін Айсәулеге жолдап жатқан әлеуметтік желіде танысқан жігіті, Асқар Сақтағанов деген азамат. Айсәуле Асқарға...