Қызылордалықтар қос балуанын күтіп алды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері Руслан Әбдіразақов пен көрермендердің ерекше ықыласына бөленген «Жеңіске деген жігері» номинациясының иегері Нұрым Сәлімгереевті Қорқыт ата әуежайынан қызылордалықтар зор қошеметпен күтіп алды.