«Самұрық-Энерго» АҚ мен үндістандық «Bharat Heavy Electricals Limited» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 шілдеде елордадағы Қазақстан-Үндістан бизнес форумы барысында «Самұрық-Энерго» АҚ мен «BharatHeavyElectricalsLimited» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.