Латынға көшу - заман талабы
Қазақ тілінің жетілуі заман талабына сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХХІ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды күн тәртібіне қоя бастаған.
Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің орны үлкен. Сондықтан латын әліпбиіне көшу мәселесі кезек күттірмейтін міндет. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай араб, латын, кириллица таңбаларына негізделген әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгенде ортақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінуіне оң...