Түркістанда қоғамдық көліктің қызмет көрсетуіне рейд жүргізілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен қоғамдық көлікке рейд жүргізілді. Бұл шара күн санап түлеп жатқан шаһардағы қоғамдық көліктің қала жұртшылығына сапалы қызмет көрсетуін қатаң бақылау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.